$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2021, 17:00
Жаңалықтар

Ұлттық банк «SÚNDET TOI» және «BELKA. STRELKA» монеталары шығады

Монетаның номиналы 500, 200 және 100 теңге

Ұлттық банк «SÚNDET TOI» және «BELKA. STRELKA» монеталары шығады

Жуырда «SÚNDET TOI» және «BELKA. STRELKA» коллекциялық монеталары сатылымға шығады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«BELKA. STRELKA» монеталары – 1 наурызда, «SÚNDET TOI» – 9 наурызда сатылымға шығады. Монеталар Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарнда сатылатын болады.

«Монеталардың реверсінде: ортасында – ғарыштық айшықталған капсуладағы Белка мен Стрелканың бейнесі. Жоғары бөлігінде ашық ғарыштың символын білдіретін жұлдыздар шоғырын көруге болады. Жиегінде орыс тілінде «БЕЛКА» мен «СТРЕЛКА», ағылшын тілінде «BELKA» мен «STRELKA» деген жазу, сондай-ақ оқиғаның мерейтойлы датасын білдіретін «1960-2020» деп айналдыра жазылған жазу бар», - делінген хабарламада.

Ал «SÚNDET TOI» коллекциялық монетасы ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге арналған.

«Монетаның жоғарғы бөлігінде шаңырақтың айшықталған бейнесі және ұлттық ою-өрнек элементтері, «SUNDET TOI» деген жазу бар. Монетаның төменгі жағында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ою-өрнек қапталған монета шығарылған жыл. Монетаның сол және оң жағында күмістен жасалған «Ag 925» және «24 g» монета металын, сынамасын және салмағын білдіретін жазулар бар», - деп жазылған

Номиналы 500, 200 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар республиканың бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Сондай-ақ, еліміздегі барлық банктерде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Серіктес жаңалықтары