ШұғылЖыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 310 адам зардап шеккен

Қазақстанның 9 өңірінде қатты жел соғып, аяз болады

26-27 ақпан күндері кей облыста түнде 40 градус қатты аяз болуы мүмкін

© РИА Новости

Еліміздің тоғыз облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызиетіне сілтеме жасап.  

26 ақпанда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді, кей аумақта 35-38 градус қатты аяз болуы мүмкін.

26 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с жетеді.

26 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді, солтүстік аумақта 25С қатты аяз болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.  

26 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

26 ақпанда Ақмола облысында түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түседі.

26 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың кей жерлерінде түнде 20 градус қатты аяз сақталады. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, түнде 26 ақпанда бұрқасын болуы ықтимал. Түнде 26 ақпанда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.

26-27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 40 градус қатты аяз болуы мүмкін.