ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Шенеуніктер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекке «өз адамдарын» қойып жүр – Мәжіліс депутаты

Соңғы үш жылдың ішінде аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйді заңсыз берудің 400-ден астам фактісі тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Шенеуніктер өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға «өз адамдарын» заңсыз кезекке қойып жүр. Мұндай деректі мәжіліс спикері Ерлік Өмірғали төменгі палатаның жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Депутаттың айтуынша, лауазымды тұлғалар мемлекеттік тұрғын үйлерді үлестіру бойынша да заңсыз әрекеттерге барып жүр.

«Соңғы үш жылдың ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйді заңсыз берудің 400-ден астам фактісі тіркелді. Атап айтқанда Қарағанды (128), Маңғыстау (53), Батыс Қазақстан (38), Түркістан (35), Павлодар (30) облыстарында, Алматы қаласында (23), Шығыс Қазақстан облыстарында (21), Алматы (15), Жамбыл (14), Ақмола (11), Қостанай облыстарында (11), Шымкент қаласында (11), Солтүстік (2) облыстар, Нұр-сұлтан қаласы (1)» , - деді депутат.

Ерлік Өмірғали депутаттарға басқа да аз қамтылған азаматтардан әкімдіктердің әлеуметтік тұрғын үйді әділетсіз бөлуіне қатысты көптеген шағымдары келіп түсетінін хабарлады.

«Әрбір кезекте тұрған адам өз кезегінің жылжуын және басқаларға тұрғын үй бөлуді еркін бақылай алуы, кезек бұзылған жағдайда алаяқтықты анықтау үшін электрондық кезек тәртібін енгізуді ұсынамыз. Әкімдіктер берген әлеуметтік тұрғын үйге толық тексеру жүргізілсін. Егер баспананы иелері пайдаланбай, тұрғын үй басқа адамдарға сатылса немесе жалға берілсе, пәтер мемлекетке қайтарылуы тиіс», - деді Мәжіліс депутаты.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан