Елімізде коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды
Қазіргі уақытта КВИ-ге шалдыққан 249 адамның жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрлігі 20 ақпандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік мәліметі бойынша, 21 340 адам короновирус инфекциясынан (13 352 КВИ+ және 7 988 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 760 пациент стационарда, 16 580 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 249 адамның жағдайы ауыр;
• 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке сүйенсек, 18 ақпандағы мәлімет бойынша 45 жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 235 адам жазылып шыққан.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 48 932;
өлім жағдайлары – 608;
барлығы 40 336 адам сауығып шықты.