$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2021, 12:51
Жаңалықтар

Шетелден 337 қазақстандық ПТР-анықтамасыз келген

Бұған дейін келген 451 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Шетелден 337 қазақстандық ПТР-анықтамасыз келген

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 19 ақпан күні халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылғы 19 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 761 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 424 адам, анықтамасыз 337 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 608 жолаушы, анықтамамен - 1 354, анықтамасыз - 254;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 106 жолаушы, анықтамамен - 1 023; анықтамасыз - 83;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 18 ақпан күні шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет те жарияланды.

«Анықтамасыз келген барлық 451 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті», - делінген комитет хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары