COVID-19: Дүниежүзілік банк 30 кедей елдің вакцина сатып алуына көмектеспек

Германияда соңғы тәулікте коронавирустан 490 адам қайтыс болды

COVID-19: Дүниежүзілік банк 30 кедей елдің вакцина сатып алуына көмектеспек
Фото: vsemirnyjbank.org

Ирландияда коронавирустың бразилиялық нұсқасы үш адамда тіркелді. Сондай-ақ, коронавирус жұқтырудың «бірде-бір жағдайы расталмаған» Түрікменстанда халықты вакцинациялау науқаны басталды. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемде коронавирустың таралу қарқынына қатысты мәліметтерді жариялады.

Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, Германияда соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 9 164 жаңа жағдайы тіркелген, 490 адам қайтыс болған. Соңғы жеті күнде 100 мың адамға шаққанда 57,8 жұқтыру жағдайы тіркелген.

Ел билігі эпидемияға қарсы қатаң шаралардың әлсіреуі бұл көрсеткіштің 35 жағдайға дейін төмендеуімен басталуы мүмкін екенін хабарлады. 2020 жылдың 2 желтоқсанында аталған көрсеткіш ең жоғары мәнге - 197,6 жеткен болатын.

Ал Ирландияда коронавирустың бразилиялық нұсқасы үш адамда тіркелді. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі жұқтырғандардың үшеуі де жақын арада Бразилиядан оралғанын хабарлады. Эпидемия басталғалы бері 5 миллионға жуық тұрғыны бар мемлекетте 213,4 мың адам індетті жұқтырса, 4 109 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік банк наурыз айының соңына дейін ең кедей 12 елге, атап айтқанда, Бангладеш, Тунис және Эфиопияға вакцина сатып алуға 1,6 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Банк президенті Дэвид Малпасс келесі қадамда тағы 30 кедей елге қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Коронавирус жұқтырудың бірде-бір жағдайын растамаған Түрікменстанда «Спутник V» препаратымен халықты вакцинациялау науқаны басталды. 18 жасқа толған азаматтар аудандық емханаларға егілуге жазыла алады. Ашхабад тұрғындарының үйлерінің кіреберісінде COVID-19 қарсы вакцинация басталғаны туралы хабарландырулар іліне басталған.

«Елде «жұқтыру жағдайларының болмауына» қарамастан, бетперде режимі енгізілген, шетелдік әуе қатынасы, жолаушылар пойыздары мен қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылған, мешіттер, сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, мәдениет және тұрмыстық қызмет көрсету салалары жабылған», - делінген хабарламада.

АҚШ президенті Джо Байден америкалықтарды коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырды.

«Вакциналар қауіпсіз. Мүмкіндік туа салысымен екпе жасатыңыз. Бұл пандемияны тек осылай ғана жеңеміз. Мен бұл дағдарыстың аяқталатын күнін айта алмаймын, бірақ бұл күнді жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Байден.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.