20.02.2021, 10:23
Жаңалықтар
Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған өңірлер жоқ – ДСМ
Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 20 ақпанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елімізде бірде-бір облыс «қызыл аймақта» тіркелген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сонымен, бүгінгі матрица бойынша атап айтсақ:
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 827 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 206 652 адамға жетті.

Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды