20.02.2021, 00:47
Жаңалықтар
Алматыда карантин шаралары жеңілдетілді
Қалада кинотеатр жұмысына рұқсат берілді
Фото: ашық дереккөзден
Алматының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Құжатқа сәйкес, балалар кабинеттерінің, түзету орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі. Топтағы адам саны 15-тен аспауы керек. Сондай-ақ, толымдылығы 50 адамнан аспайтындай мәдени нысандар мен концерт залдарының (дайындық) қызметіне рұқсат берілді: театрларда, кинотеатрларда көрермендер залының толымдылығы 30% аспауы тиіс. Ал хайуанаттар бағында маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты қатаң ұстану қажет.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
