20.02.2021, 00:20
Жаңалықтар
Clubhouse әлеуметтік желісінде Тоқаевтың атынан жалған аккаунттар ашылған
Бұл туралы Берік Уәли хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Clubhouse әлеуметтік желісіндегі аккаунтына қатысты ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Twitter-де @TokayevKZ және Instagram-да @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді, - деп жазды ол Facebook-те.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
