$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2021, 02:39
Жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы 28 ақпаннан бастап тойланады

Алматы облысында мерейтойға байланысты іс-шаралар жоспары әзірленген

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы 28 ақпаннан бастап тойланады

28 ақпан суырып салма ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күні. Ақынның мерейтойын ресми түрде тойлап, жыл бойы атап өту 28 ақпаннан басталады. Бұл ақпарат ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды. Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық барысымен танысты. 

Сапарда Мемлекеттік хатшымен бірге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған адамдар Тұңғыш Президент, Елбасының  «Атамекен» тарихи-мәдени орталығындағы музейлік экспозициялармен де  танысты. Аталмыш мәдени орталық Шамалған ауданында 2017 жылы ашылған. Нысанның жалпы ауданы, 3,500 га, ал музейдің орналасқан жері 1249,5 шаршы метірді құрайды. Биыл айтулы шаралардың бірі, жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы. Ғасыр ақынының өшпес  мұрасын ұлықтауды ұмыт қалдырмаған Қырымбек Көшербаев бастаған топ Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне барып, ақынның мерейтойына дайындық барысымен танысты. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының жарлығымен өткен жетіде Жамбыл жабаевтың 175 жылдығын ұйымдастырып, іс-шараларды өткізу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Келесі аптада  бірінші отырысы болады. Бүгін біз  Елбасы мен Президент  тапсырмасының шеңберінде, Алматы облысының басшылығы, мәдениет  министірлігі бәріміз осында келіп, Жамбыл атамыздың басына тәу етіп, ниетімізді білдіріп,осы іс-шаралардың алғашқы қадамын жасап отырмыз. Ұлттық рухани жаңғырудағы ең бірінші еске  түсетін тұлғалардың бірі Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев. Олардың өшпес мұраларын ұрпақ жадында жаңғырту парызымыз», - деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты іс-шаралар жоспары әзірленген. Онда ақын туралы биографиялық фильмнің түсірілімі, өмірі мен шығармашылығына қатысты кітаптар шығару, ақындар айтысын өткізу, мәдени ескерткіштер орнату, суретшілердің халықаралық плэнерін өткізу және т.б. шаралар қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары