ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Тексеріс қорытындысы: Qazaq Air-ден 13 бұзушылық анықталды

Әуе компаниясы 10 күн ішінде бұзушылықтарды жою бойынша іс-жоспарын ұсынуы тиіс

фото: polet.me

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша жоспарлы тексеруді аяқтады.

Инспекциялық тексеру қорытындысы бойынша 13 бұзушылық анықталды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air АҚ қызметіне қатысты жоспарлы тексеру нәтижесін әуе компанияға жіберді.

«Біз Qazaq Air әуе компаниясы Қазақстанда жұмыс істейтін басқа әуе компаниялармен қатар ұшу қауіпсіздігі көрсеткіштерін арттыруды жалғастырып жатқанын көруге қуаныштымыз», - деп атап өтті Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс.

Qazaq Air 10 күн ішінде авиациялық әкімшілікке барлық бұзушылықтарды жою бойынша іс-жоспарын ұсынуы тиіс. Егер бұзушылықтар 3 ай ішінде жойылмаса және ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынуы немесе мәжбүрлеу шаралары қабылдануы мүмкін.

Еске сала кетейік, 12 ақпанда түнгі сағат 23.20-да елордада Qazaq Air әуе компаниясына тиесілі Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы (QAZ427) рейсінде тосын оқиға тіркелді. Ұшақтың ортаңғы шассиінің тысы жарылып, онымен ұшақ 700 метрдей қозғалып үлгерген. Осыдан соң әуе кемесі тұраққа жеткізілді.

Одан кейінгі оқиға 13 ақпанда болды, Qazaq Air әуе кемесінің Алматы әуеайлағына қонғаннан кейін шасси пневматикасы зақымданған болатын.