Алматы облысында «отставкаға кетті» деген аудан әкімі қызметінде қалды
Қуанышбек Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып 2020 жылдың шілдесінде тағайындалды
Бүгін Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен отставкаға кеткені хабарланды. Әкімдіктің баспасөз хатшысы 12 ақпандағы актив жиынында аудан әкімінің әріптестеріне қызметінен өз қалауы бойынша кететінін, сондай-ақ әріптестеріне қысқа уақыт аралығындағы жұмысы үшін алғыс айтып, табыс тілегенін айтқан.
Алайда, аудан әкімдігінің баспасөз қызметі арада жарты тәулік өтпей жатып бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен босатылған жоқ және ол қазір жұмыс сапарымен аймақты аралап жүр», - делінген аудан әкімдігінің ресми парақшасында.
Қуанышбек Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып 2020 жылдың шілдесінде тағайындалды.
Кашқымбаев Қуанышбек Қалиұлы 1962 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.