16.02.2021, 13:10
Жаңалықтар
Алматы облысында әкім өз еркімен қызметінен кетті
Бұл ақпаратты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер растады
фото: tinfo.kz
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен отставкаға кетті.
«12 ақпандағы актив жиынында әріптестеріне қызметінен өз қалауы бойынша кететіні туралы хабарлады. Сондай-ақ әріптестеріне қысқа уақыт аралығындағы жұмысы үшін алғыс айтып, табыс тіледі», - деп растады Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.
Қуанышбек Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып 2020 жылдың шілдесінде тағайындалды.
Кашқымбаев Қуанышбек Қалиұлы 1962 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды