$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2021, 13:28
Жаңалықтар

Елбасы Қарағанды облысының экс-әкімінің қазасына байланысты көңіл айтты

Петр Нефедов 1992  -1997 жылдары Қарағанды ​​облысының әкімі болды

Елбасы Қарағанды облысының экс-әкімінің қазасына байланысты көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері Петр Нефедовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қарапайым кеншіден бастап, еліміздің өнеркәсіптік өңірі – Қарағанды облысының басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолында ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты. Ол әрдайым өндірістегі бай тәжірибесімен және білімімен, жоғары кәсібилігімен әрі ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін.

Петр Петрович Нефедовтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде сақталады», – делінген жеделхатта.

Петр Петрович Қарағанды ​​облысының әкімі (1992 – 1997 жылдары), содан кейін ҚР энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары, премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары