ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Qazaq Air әуе компаниясының қызметіне қатысты тексеріс басталды

Жақында әуе компаниясына тиесілі ұшақтан ақау шықты

фото: polet.me

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясының жоспарлы инспекциясын бастады. Бұл туралы «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Линда Орлэди айтты.

«Әуе компанияның ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексеріледі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді», - деді ол.

Еске сала кетейік, 12 ақпанда түнгі сағат 23.20-да елордада Qazaq Air әуе компаниясына тиесілі Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы (QAZ427) рейсінде тосын оқиға тіркелді. Ұшақтың ортаңғы шассиінің тысы жарылып, онымен ұшақ 700 метрдей қозғалып үлгерген. Осыдан соң әуе кемесі тұраққа жеткізілді.

Одан кейінгі оқиға 13 ақпанда болды, Qazaq Air әуе кемесінің Алматы әуеайлағына қонғаннан кейін шасси пневматикасы зақымданған болатын.