$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2021, 15:43
Жаңалықтар

Қазақ тілінің дамуын енді Мәдениет министрлігі қадағаламайды

Тіл саясаты комитеті Мәдениет және спорт министрлігі құрамынан кетті

Қазақ тілінің дамуын енді Мәдениет министрлігі қадағаламайды
Фото: ашық дереккөзден

Үкіметтің 2021 жылғы 9 ақпандағы қаулысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті болып қайта аталатыны мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Еліміздің Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетіне Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін», – делінген қаулыда.

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге жауапты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлыққа 2017 жылдың қазан айында қол қойды.

Серіктес жаңалықтары