$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2021, 21:27
Жаңалықтар

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, бұрқасын болады

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

17 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман түседі.

Атырау облысының күндіз кей жерлерінде қатты қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, кей жерлерде қатты қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с.

Серіктес жаңалықтары