Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір мутациясы анықталды
B1525 штамы әлемнің он еліне тарап үлгерген
Эдинбург университетінің зерттеушілері Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутациясын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Guardian-ға сілтеме жасап.
«B1525 деп аталатын нұсқа Данияда (35 жағдай), Ұлыбританияда (32), Нигерияда (12), АҚШ-та (7), Францияда (5), Ганада (4), Австралияда (2), Канадада (2), Иорданияда (2) және Испанияда (1) вирус үлгілерін жүйелеу арқылы анықталды. Вирустың осы түрінің геномдарын бірінші болып желтоқсан айында Ұлыбритания мен Нигериядағы мамандар жасаған», - деп жазады Guardian газеті.
Жаңа нұсқа «британдық» штамнан вирустың Бразилия, Оңтүстік Африка және Бристоль сорттарында кездесетін тікенекті ақуыздағы е484к мутациясымен ерекшеленеді. Сарапшылар осыған байланысты Ұлыбритания билігін осы нұсқа анықталған аймақтарда коронавирусқа арналған сынақтар санын көбейтуге шақырды.