Биыл 6,5 мың шақырым жол ақылы болады
Бұдан бөлек ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол сервисін 66 %-ға жеткізу жоспарланып отыр

Қазақстанда 2021 жылы 6,5 мың шақырым жолды ақылы ету жоспарланған, деп хабарлады Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
«Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар автожолдардың 90 %-ын және жергілікті маңызы бар автожолдардың 76%-ын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу, 6,5 мың км ақылы жолды енгізу және ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол сервисін 66 %-ға жеткізу жоспарлануда», - деп хабарлады Атамқұлов.
Темір жол көлігімен транзитті 23,1 млн тоннаға дейін немесе 12 %-ға арттыру жоспарланған.
«2021 жылғы қаңтарда физикалық көлем индексі 82,6% құрады. Бұл ретте транзиттік контейнерлік тасымалдарда 81,4 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) көлемінде оң динамика сақталуда, өсім 27% – ды құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 0,28 млрд тоннаны құрады», - деп атап өтті Атамқұлов.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан