$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2021, 10:22
Жаңалықтар

Қарағанды фармацевтикалық кешені «Спутник V» вакцинасына тіркеу куәлігін алды

Қазақстан - «Спутник-V» вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-ші мемлекет

Қарағанды фармацевтикалық кешені «Спутник V» вакцинасына тіркеу куәлігін алды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қарағанды фармацевтикалық кешені Қазақстан аумағында коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник – V» вакцинасын тіркеу рәсімін аяқтады. Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, 13 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сараптама ұйымының, тіркеу дерекнамасының материалдарын қарау нәтижесі бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындысы алынды.

15 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі аталған қорытынды негізінде ҚФК-ға тіркеу куәлігін берді.

Осылайша, Қазақстан «Спутник-V» вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-ші мемлекет болды. Бүгінде вакцина Ресей, Беларусь, Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түркменстан, Венгрия, БАӘ, Иран, Гвинея Республикасы, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Серб Республикасы (Босния және Герцеговина энтитеті), Ливан, Мьянма, Пәкістан, Моңғолия және Бахрейн сияқты мемлекеттерде тіркелген.

Алдын ала есептеу бойынша, ақпан айының соңында еліміздің барлық өңірлеріне ҚФК өндірген «Спутник V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасын жеткізу жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары