Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
15 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.
15 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Таразда 15-17 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.