ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Дубай–Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

12 ақпан күні Қазақстанға 18 халықаралық әуе рейсі келді

Фото: ашық дереккөзден

12 ақпан күні Қазақстанға Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

1 945 жолаушының ішінде 1 639 адам ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен, анықтамасыз 306 ҚР азаматы келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарынларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 11 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша, Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.