$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2021, 18:42
Жаңалықтар

Отандық вакцинаның өндірісіне 31 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады – ДСМ

Алексей Цой қазақстандық вакцинаның өндірісі не үшін кешігіп жатқанын айтты

Отандық вакцинаның өндірісіне 31 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады – ДСМ
Фото ашық дереккөзден

Отандық вакцинаның өндірісіне 31 млрд-тан астам теңге қаражат жұмсалмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұған дейін вакциналау жұмыстарына мемлекет бюджетінен 50 млрд теңге қаражат қарастырылатыны туралы ақпарат тараған болатын. Енді коронавирус инфекциясына қарсы отандық екпенің өндірісіне қанша теңге бағытталатыны белгілі болды.

«Қазақстандық вакцинаны жасауға 31 млрд-тан астам теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Бұл 15 млн 680 адамды егуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, вице-министр америкалық Pfizer вакцинасын сатып алу туралы әзірге ешқандай келісімшарт жасалмағанын мәлімдеді.

Өз кезегінде министр Алексей Цой отандық вакцинаның халықаралық сұранысқа қаншалықты ие болатындығы жөнінде айтып өтті.

«Қазақстандық вакцина барлық клиникалық зерттеуден өткеннен кейін бірден өндіріске жіберіледі. Қазірдің өзінде бұл вакцианаға бірнеше мемлекет қызығушылық танытып отыр. Бірақ, олар да клиникалық зерттеудің аяқталғанын күтуде. Бізде мықты ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Вакцинаның клиникалық зерттеуінің кешігіп жатқан себебі: біздің елімізге вирус өткен жылдың наурыз айында келді. Ал өзге елдерде КВИ бізден бұрын тарады», - деді Алексей Цой.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары