$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2021, 12:53
Жаңалықтар

ДДСҰ ғалымдары коронавирус әу баста жануарлардан тараған деген қорытындыға келді

Қауіпті инфекция панголиндер мен жарқанаттардан тараған болуы мүмкін

ДДСҰ ғалымдары коронавирус әу баста жануарлардан тараған деген қорытындыға келді
rossaprimavera.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы коронавирус Ухань қаласының Инфекциялық зерттеулер институтының зертханасында жасалуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығарды. Ғалымдар SARS-CoV-2 адамға жануарлар арқылы жұққан деген қорытындыға келді. Негізгі «күдіктілер» ретінде панголиндер мен жарқанаттар саналады.

Ұлыбританияға келушілерге жаңа карантиндік ережелер енгізілді. Қазір 14 күндік оқшаулану 10 күнге қысқарды, бірақ карантиннің екінші және сегізінші күндерінде COVID-19 сынағынан міндетті түрде өту енгізілді. Аталған ережені бұзған Ұлыбритания мен Ирландия азаматтары 10 мың фунт айыппұлдан, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Нидерландыда коменданттық сағат наурыз айының басына дейін ұзартылды. Карантин шараларын алып тастау немесе ұзарту туралы мәселе бір күн бұрын шешілді, ал ел Үкіметі індет деңгейінің төмендеуіне қарамастан, тұрғындар әлі карантин шараларын жеңілдетуге дайын емес деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, соңғы 10 жылда бұрын-соңды болмаған қардың түсуіне байланысты көптеген қалаларда екпе егу орталықтары уақытша жабылуға мәжбүр.

Германияда індетті жұқтыру деңгейі үш айда алғаш рет 100 мың адамға шаққанда 75 жағдай көрсеткішінен төмендеді. Сейсенбіде бұл көрсеткіш 72,8 болды. Ел үкіметі эпидемияға қарсы іс-қимылдың алдағы жоспарын талқыламақ. Дегенмен, локдауннан шығу туралы әлі сөз қозғалған жоқ.

Италияда мәдени сектор жұмысы ішінара қайта басталды. Көршілес Францияның мұражайлар қауымдастығы мәдениет министрлігінен Италиядағыдай шешім қабылдауды талап етіп отыр. Мұражай қызметкерлері әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, жұмыс істеуге болатындығын алға тартуда.

Грекия денсаулық сақтау министрі Вассилис Кикилиастың айтуынша, елде коронавирус эпидемиясының үшінші толқынының белгілері байқалуда. Қарқынды терапия бөлімшелері қайтадан науқасқа толған. Билік Афиныға жаңа локдаун енгізуді жоққа шығармайды, өйткені ел астанасында індеттің таралуы басқа аймақтарға қарағанда жоғары қарқынды.

Серіктес жаңалықтары