LRT бағандары қаланың келбетін бұзып тұр – Алтай Көлгінов
LRT құрылысын жалғастыру үшін шетелдік инвесторлар іздестіріліп жатыр
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде банктермен келісім жасалса, LRT құрылысы жалғасатынын айтты.
«Шын мәнінде, LRT бағандары қаланың келбетін бұзып тұр. Құрылысқа көлемді қаражат жұмсалды. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру қажет. Қазір инвестиция тарту бойынша банктермен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өйткені тек Қазақстаннан ғана емес, халықаралық екінші деңгейдегі банктерден де қаржы тарту қажет болып отыр. Қазір бұл жұмыс қайта жанданды», - деді ол.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың 2 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша Астана қаласы әкімдігінің, «Астана LRT» ЖШС және басқалардың лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.
Сотқа 7 адам берілді. Қ.Сұлтанбеков және Т. Арданға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеу салынды.