09.02.2021, 15:44
Жаңалықтар
Юлия Путинцева US Open жеңімпазын жарыстан тайдырды
Матч 2 сағат 10 минутқа жалғасты
фото: olympic.kz
Мельбурн қаласында мәртебелі Australian Open-2021 турнирі (теннис) жалғасуда. Бүгін кортқа шыққан қазақстандық Юлия Путинцева келесі кезеңге өтті.
Әлемдік рейтингте 28-ші ракетка саналатын Путинцева алғашқы айналымда америкалық Слоан Стивенске қарсы өнер көрсетті. Үш сетке созылған кездесуде қазақстандық спортшы 2:1 есебімен (4:6, 2:6, 3:6) жеңіске жетті.
Слоан Стивенс - 2017 жылы өткен мәртебелі US Open турниірінің жеңімпазы. Америкалық спортшы осы жетістігінен кейін әлемдік рейтингте 3-ші ракетка дәрежесіне дейін көтерілді.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
