08.02.2021, 13:21
Жаңалықтар
Қазақстанда судьялардың сапасын арттыру үшін HR технологиясы енгізілмек
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары сот кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы жылға жоспары жайында баяндалды.
Мемлекет басшысына Қазақстан халқына жолдауында және республикалық соттар съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар Президентке Жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
