08.02.2021, 13:10
Жаңалықтар
Алматыда азаматтардың жеке мәліметін сатқан полицейлер ұсталды
Олардың кейбірі қызметінен босатылды
фото: polisia.kz
Алматы қалалық полиция департаментінің қазіргі және бұрынғы қызметкерінің қатысы бар қылмыстық топ ұсталды. Олар азаматтық тұлғалармен ымыраласып, ведомстволық ақпараттық базаны сатуды бизнеске айналдырған. Яғни, жеке мәліметтер үшінші тұлғаның қолына түсіп отырған.
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов айтуынша, азаматтардың жеке мәліметін сату әрекетіне қалалық полиция департаментінің қазіргі 2 қызметкері мен бұрынғы 3 қызметкерінің, бір азаматтық тұлғаның қатысы бары анықталып отыр.
Олардың кейбірі тікелей тәртіптік жазаға тартылып, кейбірі лауазымынан босатылған.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті