ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

ТЖМ-де ауа райының нашарлауына байланысты жедел штаб құрылды

Барлық жабық жол учаскелерінде постар қойылды

Фото: баспасөз қызметінен

Ел өңірлерінде ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінде жедел штаб жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

Министрліктің Ахуалдық орталығында жедел әрекет ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін республикалық жедел штаб құрылды.

«Штаб азаматтық қорғау республикалық қызметтерімен тығыз өзара іс-қимыл орнатты. Барлық жабық жол учаскелерінде постар қойылды. Ол жерлерде Төтенше жағдайлар департаменттері, Полиция департаменттері және жол қызметі жұмыс атқаруда. Автомобиль жолдарына жақын жерлерде жылыту пунктері (дәмхана, қонақүй) дайындалып, іске қосылды. Техниканың жиналуына қарай автоколонналар ПД және жол қызметі қызметкерлерінің ілесуімен кезең-кезеңмен өткізілуде», - деді ол.

Тегтер: