Қазақстанның 8 облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда көктайғақ, бұрқасын болады
Қазақстанның 8 облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, күші 15-20 м/с артады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, 23 м/с жетуі мүмкін.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз 25 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.
Сондай-ақ 8-9 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады. 8 ақпанда кей уақыттарда екпіні 30 м/с жетеді. Ауа температурасы 2 градус аяз – 3 градус жылыдан 10-18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.
8-9 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.