$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.02.2021, 02:55
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мобильді топтар компьютер ойындарына құмарларды анықтады

Мониторингілік топ күн сайын рейдтік шаралар жүргізеді

Нұр-Сұлтанда мобильді топтар компьютер ойындарына құмарларды анықтады
Фото: ашық дереккөздкн

Нұр-Сұлтанның мобильді топтары карантиндік шектеулерге қарамастан, түнде компьютер клубтарына баратындарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Елордада Тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдерінен, әкімдік қызметкерлерінен, еріктілер мен полицейлерден құралған мониторингілік топ күн сайын рейдтік шаралар жүргізеді. Астаналықтар қолданыстағы қаулыда көрсетілген ескерту шараларын сақтамай, ойын-сауық мекемелеріне, компьютер клубтарына баруды тоқтатар емес. Мәселен, мобильді топ сағат 23.20-да жұмыс істеп тұрған «Соник» компьютер клубын анықтады. Ішінде 15 адам болған. Сондай-ақ, түнгі сағат 02.21-де «Маус» компьютер клубына виртуалдық ойынға құмар 30 адам жиналғаны әшкере болды. Келушілер әлеуметтік қашықтықты және санитарлық нормаларды сақтамаған.

«Карантин режимін бұзушыларға қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», - делінген ақпаратта.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті карантин режимін бұзғандар қолданыстағы заңға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары