Жұма күні батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады
Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, 29 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс аймақтарда жаңбыр мен қар күтіледі. Оңтүстікте жел күшейеді. Өзге аймақтарда тұман болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының жекелеген аумақтарына тұман басуы ықтимал. Күндіз Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, кей жерлерде тұман болжанады.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.
Ол 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды
Ғимарат иесі бірнеше соттың шешімімен хабардар болды, бірақ сот шешімін орындамаған
Қазгидромет 12 желтоқсанға ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланғанын хабарлады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура істі тергеуде
Сот отырысының өзі колония қабырғасында өтті