«Астана» «Манчестер Юнайтедті» жеңді
Ойын 2:1 есебімен аяқталды
Елордада UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» командалары арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Астана Аренада» өткен матчта елордалық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. 10 минутта Джесси Лингард есеп ашып, «Манчестер Юнайтедті» алға шығарса, 55 минутта Дмитрий Шомко гол соғып, есепті теңестірді. Ал, автогол жасаған Дишон Бернард «Астанаға» жеңіс сыйлады.
Оқи отырыңыз: «Манчестер Юнайтед» елордаға «екінші сорттағы» ойыншыларын жіберді
Осылайша, «Астана» командасы Англияның 20 мәрте чемпионы, Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазынан басым түсіп, Қазақстан футболындағы тарихи жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бүгінгі кездесумен елордалық ұжым өз алаңында өткізетін биылғы ойындарды қорытындылады.