$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 11:54
Жаңалықтар

Халықаралық ғалымдар Қазақстанда салынып жатқан ресейлік вакцинаның тиімділігіне баға берді

Вакцинаның екі дозасын барлығы 14 964 қатысушы алған

Халықаралық ғалымдар Қазақстанда салынып жатқан ресейлік вакцинаның тиімділігіне баға берді
фото: The Lancet

Әлемдегі жетекші медициналық журналдардың бірі The Lancet «Спутник V» сауда маркасымен шығарылатын коронавирусқа қарсы ресейлік «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасын сынаудың үшінші кезеңінің аралық нәтижеcін жариялады.

Зерттеу былтыр 24 қыркүйектен 7 қарашаға дейінгі аралықта Мәскеудің 25 ауруханасында өтті. Вакцинаның екі дозасын барлығы 14 964 қатысушы, ал плацебо тобынан 4902 адам алды. Нәтижесінде ресейлік вакцина 91,6% тиімділікті көрсеткен.

«Гам-КОВИД-Вак» вакцинациясы ауыр асқынуларға және жанама әсерлерге әкелген жоқ, көп жағдайда жеңіл өтті, оның ішінде тұмауға ұқсас белгілер, инъекция орнындағы ауырсыну және әлсіздік байқалды. 60 жастан асқан 2 мың адамға вакцина салынып, тиімді нәтиже көрсетті. Жалпы, вакцинаны 40 мың адамға сынау жұмысы жалғасып жатыр», - делінген ғылыми мақалада.

Мақала авторлары вакцинаның тиімділігін толық анықтау үшін әлі де зерттеуді қажет екенін айтты.

«Жағымсыз құбылыс 68 қатысушыда тіркелді, олардың 45-і — вакцина тобындағы қатысушылар, 23-і – плацебо тобындағы қатысушылар. Зерттеуге сәйкес, жағымсыз құбылыстың ешқайсысы вакцинамен байланысты емес», - дейді мақала авторлары.

Сондай-ақ вакцинацияға қатысқандардың төртеуі қайтыс болған. Алайда, ғалымдар 4 адамның өлімі вакцинациямен байланысты емес екенін айтты.

Рединг университетінің профессоры Ян Джонс және Лондондағы гигиена және тропикалық медицина мектебінің профессоры Полли Рой зерттеу нәтижесіне қатысты түсініктеме берді.

«Көпшілік Спутник V» вакцинасын асығыс жасалғаны және ашықтықтың жоқтығы үшін сынға алды. Бірақ журналдың нәтижесі айқын, вакцинацияның ғылыми қағидасы көрсетілген, демек, қазір тағы бір вакцина коронавирустың таралуын тежеу үшін үшін күреске қосыла алады», — деп жазылған мақалада.

Ресейлік вакцинаны қолдану Беларусь, Түркіменстан, Сербия, Палестина, БАӘ, Аргентина, Боливия, Венесуэла, Парагвай, Тунис, Венгрия және Қазақстан елдерінде мақұлданды.

Серіктес жаңалықтары