$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 13:12
Жаңалықтар

Қазақстан азаматтарының шетелге ақша аудару көрсеткіші күрт өсті – МКК

Шетелден 45,3 млрд теңге ақша алған 164 жеке тұлға бойынша мәліметтер алынды

Қазақстан азаматтарының шетелге ақша аудару көрсеткіші күрт өсті – МКК
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мұндай статистиканың себебін анықтауға уәде береді.

«2016 жылдан бастап алғаш рет Қазақстан аумағында ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру 38%-ға төмендеді. Алайда, былтыр 11 ай ішінде біз елден тыс мемлекеттерге аударымдардың күрт өскенін – 19%-ға артқанын көріп отырмыз. Оның себебін анықтауды осы жылдың басты міндеті ретінде қоямыз», - деді комитет басшысы.

Комитет басшысы капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы және Ұлттық банкпен электрондық мәліметтер алмасу шеңберінде көпжақты конвенцияға қол қойдық. Осы жылдан бастап 100-ден астам юрисдикцияда ҚР азаматтарының қаржылық шоты бойынша ЭЫДҰ-мен ақпарат алмасуды бастауды жоспарлап отырмыз. Банктерден шетелден жалпы сомасы 45,3 млрд теңге ақша алған 164 жеке тұлға бойынша мәліметтер алынды. Қазірдің өзінде 68 млн теңге өндіріп алынды», - деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Серіктес жаңалықтары