Қазақстанның бас санитар дәрігері мен денсаулық сақтау вице-министрі вакцина салдырды
Оларға ресейлік Sputnik V вакцинасы салынды
Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен вице-министр Ажар Ғиният ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Вакцинация Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада өтті. Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиниятты алдымен дәрігерлер тексерді, ал екпе алғаннан кейін олар 30 минут бойы ақ халаттылардың бақылауында болды.
Бас санитар дәрігер мен денсаулық сақтау вице-министрі өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда бүгіннен, яғни 1 ақпаннан бастап ерікті түрде халыққа кезең-кезеңімен вакцина егу басталды.
Ал 15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған "Спутник V" препараты вакцинация үшін қолданылады.