Рейтингке 162 ел қатысты
Адам бостандығы индексі рейтингінде Қазақстан 162 елдің ішінен 75-орынды иеленді. ҚР үшін индекс 6,99-ды құрады. Бұл – Армения және Қырғызстан сияқты ЕАЭО елдеріне қарағанда төмен көрсеткіш, бірақ Беларусь пен Ресейге қарағанда жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Finprom-ға сілтеме жасап.
«Адам бостандығы индексі екі негізгі компонентті қамтиды — жеке және экономикалық еркіндік. Қазақстанның жеке бас бостандығы индексі 6,85, экономикалық — 7,12 құрады. Рейтингтегі максималды индекс — 10, бұл елдегі адамның толық еркіндігін көрсетеді, минималды – 0, тиісінше, бостандығы жоқ елдер үшін», - делінген хабарлада.
Бостандық индексі жоғары елдің рейтингінде Жаңа Зеландия, Швейцария және Гонконг көш бастап тұр. Сирия рейтингті 3,97 көрсеткішімен аяқтады.
Қазақстан жеке бас бостандығы бойынша рейтингте 90-шы орында, экономика бойынша 73-ші орынға ие болды.