ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Анталиядан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Ол 30 қаңтарда Алматы әуежайына ұшып келген

Фото: shutterstock

31 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей және Қырғызстан елдерінен 17 халықаралық әуе рейсімен 2 577 жолаушы келді. Келген жолаушылардың 1 933-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 644 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.

Алматы әуежайына – 9 рейс (1 461 жолаушы, анықтамамен - 1 174, анықтамасыз – 287);

Нұр-Сұлтан әуежайына – 8 рейс (1 116 жолаушы, анықтамамен - 759; анықтамасыз – 357).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ, 30 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 447 ҚР азаматының бірінен коронавирус анықталды. Ол Алматы әуежайына Анталиядан (Түркия) ұшып келген.