ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Алматыға «Спутник V» вакцинасының алғашқы 2050 дозасы жеткізілді

Вакцина Нұр-Сұлтаннан рейспен жергілікті уақыт бойынша 20.30-да жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда халықты ерікті вакцинациялау науқаны басталады. Бірінші кезеңде «Спутник V» қолданылады.

Келгеннен кейін препараттың партиясы қоймаларға, оның ішінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына жіберілді. 

1 ақпан күні таңертең вакцина қаланың сегіз ауданындағы ауруханаларға бөлінеді. Салқындатылған жүк көлігіндегі препарат, хаттамада көрсетілген тасымалдау шараларын сақтай отырып -18 С температураға төзетін мұз пакеттері бар контейнерлерде №7 Қалалық клиникалық аурухананың қоймасына жеткізілді. Вакциналар вакцинация аясында белгіленген медициналық ұйымдар арасында бөлінді.

Алматыда вакцинация пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егулердің стандартты жұмыс тәртібі бекітілді. Барлығы анықталған 40 БМСК.  Иммундау курсынан Алматы ҚДБ 144 медициналық маманы өтуде.

Иммундау жүргізілетін әрбір емханада салқындату жабдықтары бар жеке вакциналық кабинеттер бар. Оларда келесі мамандар жұмыс істейтін болады — дәрігер, мейірбике-вакцинатор және мейірбике-тіркеуші. Сонымен қатар, жеке бөлме қарастырылған. Онда вакцина алғандар 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады.

Бірінші кезеңде ақпан айында инфекциялық ауруханалардың, жедел жәрдемнің, санитарлық эпидемиологиялық қызметтің, жан сақтау бөлімінің қызметкерлері вакциналанады.