$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2021, 23:29
Жаңалықтар

СҚО-да 3 күнде мас күйінде рөлге отырған 15 жүргізуші ұсталды

Сонымен қатар 25 жастағы петропавлдық көлікті есірткі шегіп алып жүргізген

СҚО-да 3 күнде мас күйінде рөлге отырған 15 жүргізуші ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде көлікті мас күйде тізгіндеген 15 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 жастағы петропавлдық көлікті есірткі шегіп алып жүргізген. Полицейлер оның Volkswagen Polo көлігін Н.Назарбаев көшесінде тоқтатқан. Медициналық куәландыру ер адамның есірткіге елтігенін растады. Аталған факт бойынша әкімшілік материал жиналды. Қазіргі уақытта ол сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Енді тек 32 жасында ғана рульге отыра алады, өйткені заңнамамен көлікті мас күйде жүргізгендер 7 жылға басқару құқығынан айырылады.

«Жалпы операция облыста қаңтардың 27-мен 31-і аралығында өткізіледі. Мақсат - көлікті мас күйде басқару фактілеріне жол бермеу, жол қауіпсіздігін арттыру. Үш күннің ішінде көлікті мас күйде басқарған 15 жүргізуші анықталды», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Жамұқов.

Жалпы осы аралықта 1394 құқық бұзушылық анықталды. Басым бөлігі -195 жағдай қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты, жүріп келе жатып телефонмен сөйлескен 156 жүргізуші анықталды. Тағы 102 жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырған. Жаяу жүргіншілердің тәртібі де полицейлердің назарында: жолды белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның тыйым салынған белгісіне кесіп өткені үшін 273 адам жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары