Ресейдің Ішкі істер министрлігі Навальныйдың бауырын қамаққа алды
Бұған дейін Навальный мен оның әйелінің пәтерлерінде тінту жүргізілді
Ресейде Алексей Навальныйдың бауыры Олег пен заңгер болып қызмет атқаратын серіктесі Любовь Соболь ұсталды. Қазір екеуі де Мәскеудің Петровка көшесінде орналасқан уақытша ұстау изоляторында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Олег Навальныйдың ұсталғаны туралы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының» директоры Иван Жданов хабарлады.
«Олег Навальный ІІМ Мемлекеттік тергеу басқармасында 91бап бойынша 48 сағатқа ұсталды. Бұл оның іс бойынша күдікті екенін білдіреді», - деп жазды Жданов Twitter-де.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» қорының заңгері Любовь Соболь санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу бабы бойынша ұсталды. Ол РФ Қылмыстық кодексінің 1 бабы 236-бөлігі «санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу» фактісі бойынша ұсталған.
Айта кетейік, ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный Мәскеудегі тергеу изоляторына 30 күнге қамалды, жақында ол сол жерден үндеу жариялады.
Бұған дейін Навальный мен оның әйелінің пәтерлерінде тінту жүргізілді. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» қорының кеңсесінде де тексеріс өтті. Елдің Ішкі істер министрлігі РФ Қылмыстық кодексінің 236 бабы «санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу» негізінде тінту жүргізілгенін хабарлады.