$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2019, 03:19
Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет роботтандырылған операция жасалды

Роботтандырылған адреналэктомия 64 жастағы науқасқа жасалды. Ол оң жақ бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан

Қазақстанда алғаш рет роботтандырылған операция жасалды
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында бүйректің қатерлі ісігіне роботтандырылған операция жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық көп салалы онкология және хирургия орталығының онколог дәрігерлері онкоурологияда роботтандырылған хирургияны енгізді. Өңірде ғана емес, Қазақстанда тұңғыш рет бүйректің қатерлі ісігіне роботтандырылған операция жасалды.

«Роботтандырылған адреналэктомия 64 жастағы науқасқа жасалды. Ол оң жақ бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан. 40 минутқа созылған операцияны дәрігер Хусан Өмірзақов пен оның ассистенттері Асқар Ибраев және Саян Сағидуллин жасады. Қазіргі уақытта емделушінің жағдайы қанағаттанарлық», - деп көрсетілген баспасөз ақпаратында.

 

Адреналэктомия – өте күрделі хирургиялық операция. Органның горманалды-белсенді ісіктері кезінде жасалады. Мұндай қатерлі ісік ішкі секреция мен зат алмасудың бұзылуына, гипертензияға және басқа да қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. Ота кезінде безді органға жасалатын манипуляциялардың қыр-сырын білумен қатар, эндокринологиялық өзгерістердің ерекшеліктерін де жете білу қажет.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#операция #ШҚО