ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

«Астана» – «Манчестер Юнайтед» матчы алдында «Бәйтеректің» түсі өзгерді

Қазақстан астанасының монумент-символы футболшылар мен жанкүйерлерге осындай ерекше әдіспен қолдау білдіріп жатыр

Фото: sputniknews.kz

Қазақстан астанасының басты көрнекті жері – «Бәйтерек» монументі жарығының түсін өзгертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz сілтеме жасап.

Көптен күткен спорттық оқиғаға – «Астана»– «Манчестер Юнайтед»  матчына бір күн қалғанда Нұр-Сұлтан символы футбол клубтарының түстері – қызыл және көгілдір реңкке боялды.

Айта кетейік, Бәйтерек жарығын алғаш рет өзгертіп отырған жоқ. 2019 жылдың наурызында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған халықаралық акция аясында қызыл түспен ерекшеленді.

«Астана»– «Манчестер Юнайтед» матчы қашан болады

«Жыл матчы» 28 қараша күні сағат 21.50-де (Нұр Сұлтан уақытымен) өтеді. Елордаға Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және басқа елдерден екі мыңға жуық шетелдік жанкүйер келеді.

Gismeteo мәліметінше, бейсенбі күні кешке сынап бағанасы 11 градусқа дейін төмендейді.

Бұған дейін британиялық «Манчестер Юнайтед» клубының ойыншыларына аязға байланысты Қазақстанда көшеде он минуттан артық жүрмеуге кеңес берілген болатын.