27.11.2019, 21:36
Жаңалықтар
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады
Фото: ашық дереккөзден
Қазгидромет 28-30 қараша күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазгидромет ақпаратынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанда антициклон әсерінен бірқалыпты аяз, ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық және 1…4°С-қа төмен болады деп болжанып отыр.
«Қауіпті құбылыстарға тоқталсақ, түнде және таңғы уақытта жолды көру мүмкіндігі 100...500 метрге дейін нашарлайды, тұман және көктайғақ күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 28 қарашада күн ала бұлтты. Түнде -10°C, күндіз -9°C.
- 29 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -14°C, күндіз -8°C.
- 30 қарашада күн ашық. Түнде -17°C, күндіз -11°C.
Алматы
- 28 қарашада күн ала бұлтты. Түнде -8°C, күндіз -4°C.
- 29 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -8°C, күндіз -4°C.
- 30 қарашада күн ашық. Түнде -7°C, күндіз -3°C.
Шымкент
- 28 қарашада күн ашық. Түнде -7°C, күндіз +4°C.
- 29 қарашада күн ашық. Түнде -4°C, күндіз +5°C.
- 30 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -3°C, күндіз +8°C.
Көп оқылған
27.05.2026, 06:24
Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен оқушы көз жұмды
27.05.2026, 07:27
Аптап ыстық пен нөсер: 27 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
27.05.2026, 10:05
27 мамыр күні ауа сапасы қандай болады
27.05.2026, 11:15
80 жастағы қазақстандық спортшы Кейптаун марафонын бағындырды
27.05.2026, 10:33
Қостанай облысында мектеп өртеніп кетті
27.05.2026, 11:57
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, бір адам көз жұмды