$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2019, 21:03
Жаңалықтар

ҚР СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару тәртібін түсіндірді

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтты

ҚР СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару тәртібін түсіндірді
Фото: ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасы үшін ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Онсыз Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға сұрау салу мүмкін емес.

«Соттың соңғы отырысы қыркүйек айында болған. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ. Біз соны күтіп отырмыз. Соттың шешімі шыққаннан кейін экстрадициялауға болады. Тәртіп бойынша оның туған-туыстары бас прокуратураға Ақжарқынды экстрадициялау туралы өтінішхат жолдайды. Соның негізінде бас прокуратура Қытайдағы контр әріптестерге сұрау салады. Олар өз кезегінде сотталған адамды бере ме, жоқ па, өздері шешеді. Оң шешім болса, экстрадиция жасалады», - деді Нұрышев.

Оның сөзіне қарағанда, Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылғаннан кейін оның ісін Қазақстанның соты қарайды. Себебі екі елдің заңнамасы екі бөлек және қылмыс үшін берілетін жаза әртүрлі.

«Иә, жазаның мерзімі өзгеруі мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың заңнамасы бір-біріне ұқсамайды. Бір қылмыс үшін әртүрлі жаза беріледі. Сондықтан бұл жерде ол өз жазасын Қазақстанның заңнамасы бойынша өтеуі тиіс», - деп атап көрсетті Нұрышев.

Серіктес жаңалықтары