ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

Дубайда әлемдегі ең биік әткеншек бой көтерді

Оның биіктігі 140 метрге жетеді

 

Фото: whatson.ae

Әлемдегі ең биік әткеншек Дубайдағы (БАӘ) Bollywood Parks ойын-сауық орталығында орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, аталмыш ойын-сауық орталығы былтыр көктемде пандемияға байланысты жабылып қалған болатын, дегенмен, осы уақытқа дейін орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әткеншектердің көбі соңғы үлгідегі түріне ауыстырылыпты. Сондай әткеншектердің бірі – биіктігі 140 метрге жететін Bollywood Skyflyer тізбекті әткеншегі. Ол бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енген әткеншектен 18 метрге биік болып шықты.  

«Әуе төрінде қалықтап ұшуға батылы жеткен жанның бәрі ойын-сауық орталығының көз жауын алар көркем көрінісі мен оның айналасындағы ғажап ғимараттарды биіктен тамашалай алмақ», - деп жазады Themepark-central басылымы.

Орталыққа келушілер үшін сонымен қатар, америкалық төбешіктер, биіктігі 55 метрлік шолу дөңгелегі мен үнділердің ұлттық тағамын ұсынатын арнайы аллея да ашылған. 

Айта кетерлігі, барлық әткеншектерде үнді мәдениеті мен сәулет өнерінің нақыштары бейнеленген.