Өткен тәулікте Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келген
Бұған дейін анықтамасыз келген барлық 340 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
2021 жылғы 23 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
1 547 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 202 адам, анықтамасыз 345 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 129 жолаушы, анықтамамен - 856, анықтамасыз - 273;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 418 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 72.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, 22 қаңтарда анықтамасыз келген барлық 340 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.