$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2021, 23:29
Жаңалықтар

Павлодар облысында ауыл тұрғындары өзен суын ішіп отыр

Ауылға тартылған ауыз су құбыры әлі іске қосылмаған

Павлодар облысында ауыл тұрғындары өзен суын ішіп отыр
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында бүтін бір ауыл өзеннен су ішіп отыр. Ақсу қаласына қарасты Еңбек шағын елдімекенінің осылай күн көріп отырғанына 30 жыл болыпты. Ауылға ауыз су құбыры тартылған, бірақ әлі күнге іске қосылмапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақсу қаласына қарасты бұл елдімекенде 40 үй бар. Олардың бәрі Ертістен су ішіп отыр.

Ал 1000-нан аса халқы бар жаңа Еңбек ауылы суды ауылдағы жалғыз құдықтан алады. Оңтайландыру кезінде билік екі бөлек орналасқан ауылдарды қосып, бір елдімекен жасапты.

Тұрғындар суды 30 жылдан бері тасып ішіп келе жатқандарын айтты. Оның өзі тегін емес. 30 литрді 30 теңгеге сатып алады.

«Мынаның суы таусылып қалады біраздан кейін. Таңертең бір 200 литр судан соң азайды. Сосын тамшылап қалады. Сосын 4 сағат тұрамыз да, қайтамыз. Шыны керек, бос қайтқан күні жанымыздағы ауылдардан су қарызға аламыз», - дейді Еңбек ауылының тұрғыны Қуат Көжеұлы.

Мәселеден жергілікті атқамінерлер хабардар. Ауылға су құбырын тартқан мердігер жұмысты орта жолдан тастап кетіпті. Соның салдарынан бүтін бір ауыл сусыз қалған.

Ауыл әкімі болса халықтың сөзін теріске шығарып отыр. «Өзеннен ешкім су ішіп отырған жоқ», дейді әкім. Ал, су құбырының іске қосылмай қалуына қатты аяз себеп болыпты.

Серіктес жаңалықтары