ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Шымкентте карантин ұзартылды

Қалада қоғамдық көліктердің жұмысы шектелді

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының аумағында карантин шектеуін ұзарту туралы қаланың бас санитария дәрігерінің қаулысы шықты. Бұл шара COVID-19 жұқтырғандар саны және вирусты пневмония ауруының өсуіне байланысты қолға алынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

8 ақпанға дейін ұзартылған қаулыға сәйкес, балабақшадағы кезекші топтарды қоспағанда, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылатыны көрсетілген.

Қаладағы қоғамдық көліктердің күнделікті және демалыс, мереке күндері жұмыс уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі. Түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға карантин аяқталғанға дейін қызметкерлері мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақтауын қадағалау күшейтілген.

Жаңа қаулының талаптарын нысандардың меншік иелеріне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндеттелген.