$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2021, 14:45
Жаңалықтар

Алматы әкімдігі басқарма басшысының ұсталғаны жайлы ақпаратқа жауап берді

Әкімдіктің хабарлауынша, басқарма басшысы Сапар Нұрашев жұмыс орнында отыр

Алматы әкімдігі басқарма басшысының ұсталғаны жайлы ақпаратқа жауап берді
Сапар Нұрашев, Алматы қалалық жайлы орта басқармасының басшысы

Алматы қалалық жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай хабарламаны қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратты.

«Әлеуметтік желілерде және сайттарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Нұрашев жұмыс орнында отыр. Қала әкімдігі қажет ақпаратты және тергеуге дейінгі тексеріске қатысты түсінік беруге дайын», - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Басқар басшысы Сапар Нұрашев әкімдік таратқан видеода жұмыс орнында екенін, таңертең әкімнің қатысуымен өткен аппараттық жиынға қатысқанын айтқан. 

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыметтегілер Сапар Нұрашевтың ұсталғанын растаған еді.

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы жайлы қалалық орта және мобилділік басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтың модульдік инфекциялық аурухана құрылысына бөлінген 5,5 млрд теңгенің 3,9 млрд теңгесін жымқырды деген күдікпен ұсталғаны айтылды.

Серіктес жаңалықтары